Қазақстандықтар дәрі-дәрмек ағзаға жақпаған жағдайда шағымдана алады

Сурет: pixabay
Енді қазақстандықтар сатып алған дәрілерінің ағзаға тигізер жанама әсерін арнайы қосымша арқылы хабарлай алады.

Ол DariKZ деп аталады. Цифрлық өнімді әзірлеген компания осылайша ем-дом кезінде қабылданатын дәрілік препараттардың денсаулыққа тигізер жанама әсері туралы толыққанды мәлімет жинауды көздеп отыр, деп жазады Хабар 24 арнасы.

2018 жылы іске қосылған қосымша Қазақстанда тіркелген дәрі-дәрмек туралы ақпарат алу, оның баламасын табу мақсатында қолданылып келген. Одан кейін өнімдердің шекті бағасына шағымдану функциясы қосылыпты.

Жиналған ақпаратты фармацевтикалық қадағалау органы сараптап, дәрілік затты алмастырады немесе нарықтан алып тастайды.

"Бұл енді – пилоттық жоба. Енді бастап жатырмыз. Жаңағы халықтан ақпарат жинағанна кейін оны ары-қарай талдаймыз ғой. Бәлкім, қандай да бір жаңартулар жасау, қосымша ақапар тенгізуге мүмкіндік ашу керек болатын болар. Сол жағын біздер қадағалап, қажетінше қосып отыратын боламыз."Тимур Жұмақаев, Цифрландыру департаментінің басшысы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті