Алматы полициясы алаяқтықтың 11 дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Қарапайым, сонымен қатар күрделі алдаудың әдісін Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны ойлап тапқан.

Әуезов аудандық ПБ-ға бірнеше жергілікті тұрғын арызбен жүгінген, олардың айтуынша, жас жігіт криптовалютаның қаржылық интернет-алаңында қаражатты көбейтіп беремін деген желеумен ірі көлемде ақшаны иемденген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол 23 жастағы Л.есімді азамат болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті ақшаны қайтару бойынша өз міндеттерін орындауды ойламаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта осыған ұқсас 11 эпизод тіркелді, яғни 11 жәбірленуші күдіктіге кемінде 3 миллион теңгеден берген", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған заңсыз әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті