Мамандардың айтуынша, сараптау барысында теңіздің қара түске боялуының себебі шіріген теңіз өсімдіктері ыдырауынан және теңіз түбіндегі көпжылдық табиғи құбылыстарға байланысты тұнбаның жиналуынан екендігі екендігі анықталды.
Экологтар бұл ретте алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.
"Жағалауды лай мен басқа да ластанудан тазарту үшін қажетті шаралар қабылданатын болады. Аталған мәселе бойынша жергілікті экология департаменті тиісті мемлекеттік органдарға хат жолдады", делінген хабарламада.
Жағалаудың ластануына заңсыз салынған тас айлақ түрткі екені де айтылады.
"Ақтау қаласының әкімдігі өткен жылдан бастап аталған заңсыз құрылысты сүру бойынша іс-шаралар қабылдады. Оны сүру жұмыстары 2023 жылдың 19 мамырында аяқталды", - дейлі құзырлы ведомство.
Қорытындылай келе, жағажайдың бұл учаскесі 2021 жылдың 29 қазанынан бастап "Mangystau project" ЖШС-ға сенімгерлік басқарумен берілген. Шарттың талаптарына сәйкес, жақын арада кәсіпкер жағалау аймағын тазарту бойынша шаралар қабылдайтын болады.
"Бүгінгі күні кемелер тоқтайтын айлақ сүріліп жатыр. Кейін жағалауда санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіледі", - деп нақтылады ведомстводан.