Жол апатынан зардап шеккен тағы бір оралдық мұғалім қайтыс болды

Сурет: Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жол апатынан зардап шеккен тағы бір оралдық мұғалім қайтыс болды, ол сурдопедагог болып жұмыс істеген, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой городқа" сілтеме жасап.

1 маусым күні таңертең Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Самара – Шымкет тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Оралдан Ақтөбе бара жатқан Lada largus көлігі DAF жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды, төртеуі Қобда ауруханасына жеткізілді. Көлікте оралдық мұғалімдер отырған, олардың нақты саны әзірше белгісіз. Бір мұғалім оқиға орнында көз жұмды. 

Кейінірек 27 жастағы әйел кейін ауруханада көз жұмды. Ол мекемеге жеткізілген соң жарты сағаттан кейін қайтыс болған. 

Сондай-ақ 27 жастағы Lada Largus көлігінің жүргізушісі Қобда аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Миы шайқалған, иығы көгерген, жамбас сүйегі сынған.

Зардап шеккендердің арасында тағы екі әйел бар. Біреуі 46 жаста, миы шайқалған, иығы сынған, екіншісі 27 жаста, оның да миы шайқалған, білегі сынған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды