"Қазгидромет" сегіз қалада ауа ластанатынын ескертті

Алматы, осень в Алматы, пасмурная погода в Алматы, тучи в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 09:15 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Бүгін, яғни 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстанның бірнеше қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін. Бұл туралы синоптиктер ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 28 қазанда Қостанай, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) үйлесімі.

Сондай-ақ "Қазгидромет" елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер бірнеше өңірде үсік, шаңды дауыл және тұман болатынын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: