Түркияда өткен Президенттік сайлаудың екінші турының ресми қорытындысы жарияланды

Сурет: pixabay
Кеше Түркияда өткен Президенттік сайлаудың екінші турының ресми қорытындысы жарияланды. Оған сай Режеп Тайып Ердоған 52,18, ал оның қарсыласы Кемал Кылычтароғлы 47,82 пайыз дауыс жинаған.

Сайлаудың екінші кезеңінде 54 млн 23 мыңнан астам адам дауыс берді. Оның 1 млн 930 мыңдайы шетелдерде тұратын Түркия азаматтары, деп жазады qazaqstan.tv.

Елдегі жоғарғы сайлау комиссиясының мәліметінше сайлау халықаралық талаптарға сай өткен.

"Президенттік сайлауда дауыс беру аяқталғаннан бастап, 3 күн ішінде тараптардың барлық арыз-шағымдарды қарастырылды. Оларға тиісті жауаптар қайтарылды. Түркиядағы Президенттік сайлаудың екінші турына дауыс беру құқығы бар тұрғындардың 84,15 пайызы қатысқан. Сайлау комиссиясының шешімімен көп дауыс жинаған Режеп Тайып Ердоған Түркияның Президенті болып сайланғанын ресми түрде растаймын." Ахмет Йенер, Түркия Жоғарғы сайлау комиссиясының төрағасы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы