Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейді

Сурет: pixabay.com
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейді. Енді әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің арызынсыз басталады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 мамырдан бастап "Қылмыстық сот ісін жүргізу, жазаны орындау, сондай-ақ азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қатынас түрлерінің алдын алу бойынша адам құқықтары мәселелері жөніндегі қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң күшіне енді.

Бұл заңнан кейін отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық кодекстің 106 (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) және 107-баптарында (Ауырлығы орташа) "Кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділіктегі адамға қатысты іс-әрекет жасау" деген саралау белгілері енгізілді.

Егер бұрын 106-бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделсе, қазір жаза 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Сонымен қатар әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу жәбірленушінің арызынсыз басталуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды