Шымкентте заңсыз құрылыстар сот шешімен сүрілетін болды

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Аймағамбетов шаһардағы заңсыз автожуу нысандары бойынша баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бауыржан Аймағамбетовтің айтуынша, басқарма тарапынан 36 автокөлік жуу иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

"Шаһарда құрылысты жобалық құжаттамасыз салу, авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізген автокөлік жуу орындарының иелеріне қатысты бірқатар заңсыздықтар анықталған. 2022 жылдан бері басқарма тарапынан сот органдарына 14 талап-арыз жіберілсе, қазіргі уақытта мәжбүрлеп бұзу туралы 8 талап-арыз сот шешімімен қанағаттандырылған. Ал 5 автожуу иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанға дейін құрылыс нысандарын өз еркімен бұзды". Бауыржан Аймағамбетов

Шымкент қаласының аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандардың иелеріне түсіндіру жұмыстары бойынша шаһарда жұмыс тобы құрылған еді.

Cурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Тиісті басқармалар өз құзіреті шегінде жұмыс жүргізуде. Басқарма басшысының орынбасары құрылыс салушыларды құрылыс процесіне қойылатын барлық талапты сақтауға шақырады.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда интерн-дәрігерлерді даярлау жүйесі жетілдіріледі

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады

Шекарадан дизель отынын алып өтпек болған шетелдік қитұрқы әрекетке барған - кедендіктер оны бірден байқады

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы