Павлодар жұрты аптап ыстықта тасаттық беріп, құрбан шалды

Сурет: pexels
Бүгін, 7 маусымда Павлодарда тасаттық беріліп, құрбан шалынды. "Құлагер" ипподромында өткен жоралғыға 500-ге жуық адам жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күн ысып, құрғақшылық болғанда тасаттық беріп жауын тілеу бұрыннан бар жоралғы. Бірнеше күннен бері ыстыққа шыдамаған Павлодар халқы ипподромға жиналып құрбан шалды. Бұл рәсім Кереку өңіріндегі бүкіл елдімекендерде өткізілген. Жиналған қауым шариғат талабына сай тасаттық намазын оқып, аспаннан жаңбыр тіледі, деп хабарлайды КТК.

"Шариғаттағы болған ұғым Пайғамбарымыздың сүннетіне сәйкес Мұстахап амалына жатады. Екі ракат жаңбыр сұрайтын намазды оқу. Ең бірінші, құрмалдық шаламыз да, намаз оқимыз. Сондықтан бұл амал, былайша айтқанда, сауап және жақсы жұмыс қатарына жатады". Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы

Айта кетсек, күні кеше Қызылжарға Мұхаммед пайғамбардың шашы жеткізіліп, мешіт алдында тасаттық намазы оқылған болатын. Синоптиктер бейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталатынын ескерткен болатын.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады