Рыбакинаның алғашқы жаттықтырушысы Еленамен жұмыс істеген кезеңін еске алды

Рыбакинаның алғашқы жаттықтырушысы Еленамен жұмыс істеген кезеңін еске алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 09:44 Сурет: Instagram/lenarybakina
"Үлкен дулыға" турнирлерінің үш дүркін жеңімпазы, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның алғашқы жаттықтырушысы Евгения Куликовская қазақстандық теннисшімен қалай жұмыс істегенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Чемпионат" басылымының жазуынша, жаттықтырушы Еленаның бала кезінен-ақ талантымен және табандылығымен ерекшеленгенін атап өтті.


"Шынын айту керек, Лена маған 11 жасында келгенде ойынды енді бастап жүрген жоқ еді. Допты дәл әрі таза ұратын. Әрине, бала тез өскендіктен, оның техникасын үнемі қадағалап отыру қажет болды. Бұл жағынан Ленаның өзі де көп көмектесті. Кейбір балаларға нені бақылау керегін айтасың, бірақ артында тұрып, әр соққысын үнемі ескертіп отырмасаң, еш нәтиже болмайды. Ал Ленаға тапсырма берсең, оның орындалуын өзі-ақ қадағалайтын. Бұл, әрине, жұмысымызды айтарлықтай жеңілдетті", – деп еске алды Куликовская "Больше!" арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Рыбакина US Open мен Уимблдонда жеңіп алған титулдарын салыстырған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: