Рыбакина үшін күтпеген кездесу: Шарапова чемпиондық трофейді табыстады

Рыбакина үшін күтпеген кездесу: Шарапова чемпиондық трофейді табыстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 10:54 Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирлерінің бес дүркін жеңімпазы Мария Шараповамен болған әңгімесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілгені үшін арнайы жүлдені ресми түрде алды.

Sportarena.kz мәліметінше, атақты ресейлік теннисші АҚШ ашық чемпионатындағы марапаттау рәсіміне қатысып, қазақстандық спортшыға чемпиондық трофейді табыстаған.

Елена осы кездесуге дейін Шараповамен жеке сөйлесіп көрмегенін, бірақ мансабының алғашқы кезеңінде оны турнирлерде көргенін айтты.

"Мен оның бойынан қаншалықты көп энергия бар екенін сезіндім. Мен оны теледидардан өнер көрсетіп, ірі титулдарды жеңіп алып жүрген кезінде көретінмін. Онымен сөйлескенім мен үшін өте жағымды болды. Сол сәтте тіпті не айтарымды ұмытып қалдым. Мария туралы айтсам, бұл мен үшін ерекше жағдай болды. Мен онымен сөйлесуге мүмкіндік туады деп ешқашан ойламаған едім. Ол да өте мейірімді екен", – деді Елена кездесуі туралы.

Қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет US Open турнирін жеңіп алды. Финалда ол Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

Бұл титул 27 жастағы қазақстандық теннисші үшін жекелей сында "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі үшінші жеңісі болды. Сонымен қатар бұл нәтиже оған WTA тарихындағы 30-шы әлемнің бірінші ракеткасы атануға мүмкіндік берді.

Бұған дейін қазақстандық көлікте Рыбакинаның ерекше портреті пайда болғаны туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: