Атырауда Рыбакинаның бейнесі салынған ерекше көлік пайда болды
Сурет: Instagram/sandero920
Теннисшінің және бүкіл Қазақстанның өміріндегі айтулы оқиғаны Атырау тұрғыны Еркебұлан Тоқтар автокөлігінің артқы әйнегіне бейнелеген.
Композицияда теннисшінің өзіне айрықша ұқсайтын портретімен қатар: "Елена Рыбакина – №1 чемпион. Әлемнің бірінші ракеткасы" деген жазу бар.
Сурет салуға әуес Еркебұлан Тоқтар елге танылған қазақстандықтарға деген құрметін білдірудің және маңызды оқиғаларды көрсетудің ерекше тәсілін бұрыннан қолданып келеді. Мәселен, бұған дейін оның автокөлігінің әйнегінде футболшылар Дастан Сәтпаев пен Темірлан Анарбековтің бейнесі салынған.
Zakon.kz осы талантты қазақстандық туралы бұған дейін егжей-тегжейлі жазған еді.
2026 жылғы 14 қыркүйекте Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы көш басындағы орнынан ығыстырып, ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Ол 12-сінен 13 қыркүйекке қараған түні US Open турнирінің жеңімпазы болды.