Алматыда пойыздың бір вагоны рельстен шығып кете жаздады

Сурет: railways.kz
Алматыда пойыздың бір вагоны орнынан ығысып кетті, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 маусымда Алматы-2 станциясының құрамды рейске дайындайтын техникалық паркінде маневрлік жұмыстар кезінде пойыздың бір вагонының дөңгелек жұптары орнынан ығысып кеткен.


"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ол кезде пойызда жолаушылар болмаған.

"Басқа құрам жедел ұйымдастырылып, кесте бойынша жөнелтілді. Болған істің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды", - делінген хабарламада.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды