"Қайсар Арена" стадионында Open Air форматындағы шара өтті
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Оған Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, "AMANAT" партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мақсат Толықбай, Нартай Сәрсенғалиев, "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы, жалпыұлттық коалиция мүшесі Ақерке Искандерова қатысты.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Аймақ басшысы мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындаудағы Конституциялық реформаның маңызына тоқталды.
"Президентіміз "Халық Конституциясының жобасы ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының жарқын келешегіне берік әрі мызғымас іргетас болады" деп атап өтті. Жаңа Ата Заңымыз тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтайды. Азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл – әлемдегі ахуал ушығып тұрған уақытта мемлекеттігімізді нығайтатын маңызды қадам. Тәуелсіздігіміздің басты нышаны болатын жаңа құжатта Ұлы Даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығы сақталған. Негізгі идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталған. Әділеттілік, Заң мен Тәртіп қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілген, біртұтас Қазақстан халқының барлық мақсат-мүддесі қамтылған. Сындарлы сәтте ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ. Баршаңызды Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырамын! Еліміз аман, халқымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!" – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жиында Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Нартай Сәрсенғалиев, Мақсат Толықбай, "Жастар Рухы" Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова, Қорқыт ата университетінің ректоры Наурызбай Байқадамов, "Анаға тағзым" орталығының директоры Алтынай Молжанова, айтыскер ақын, үш дүркін "Алтын домбыра" иегері Мұхтар Ниязов сөз сөйледі.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сахна төрінде эстрада жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов өнер көрсетті.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Қайсар аренаға" жиналған жұртшылық тек қана концерт тамашалаған жоқ, елдің ертеңі туралы ой бөлісті. Өз таңдауын жасаудың, ел болашағына үлес қосудың маңызын ұғынды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Референдум – демократиялық қоғамның ең басты тетіктерінің бірі. Сондықтан шешім халық таңдауына сүйеніп қабылданады. Бүгінгі кеш жауапкершілікті сезінетін белсенді жастардың, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың басын қосқан ерекше кездесу болды.