Елордада Астана күнінде қосымша 60 автобус желіге шығарылады
Сурет: Zakon.kz
6 шілдеде "Астана Арена" стадионында Open Air концерті өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін іс-шара аяқталғаннан кейін қоғамдық көліктің жұмысы күшейтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қосымша 60 автобус желіге шығарылып, бірқатар бағыттардағы автобустар саны артады", деп жазады City Transportation Systems желіде.
- Қала орталығы бағытында: №10, №26, №37, №40, №42, №49, №51, №53, №60, №67 және №501.
- Әуежай бағытында:№10, №26, №37, №40, №42, №49, №51, №53, №60, №67, №302, №303, №308, №309 және №501.
Жол ақысы қолданыстағы қалалық тариф бойынша төленеді. Жеңілдікті және мектеп жол жүру карталарының қолданылуы сақталады.
Жолаушылар легі артатынын ескеріп, сапарларыңызды алдын ала жоспарлау сұралады.
Бұған дейін ертең - Ұлттық домбыра күніне орай еліміздің барлық өңірінде мәдени бағдарлама ұйымдастырылып жатқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript