Астанада футбол жанкүйерлерін тасымалдау үшін қосымша автобустар рейске шығады
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
7 қыркүйекте "Астана Арена" стадионында Еуро-2024 біліктілік кезеңі шеңберінде Қазақстан мен Финляндия құрамалары кездеседі. Ойын аяқталғаннан кейін жанкүйерлер арнайы ұйымдастырылған автобустармен үйлеріне қайта алады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Футбол ойыны сағат 20: 00-де басталады.
"Көрермендерге ыңғайлы болу үшін іс-шара аяқталғаннан кейін қосымша қалалық және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктерді ұсыну ұйымдастырылады. Атап айтқанда, №10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 және 303 автобустары", делінген "City Transportation Systems" ЖШС баспасөз қызметі хабарламасында.
Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда тұрады.
Жол жүру құны - 90 теңге. Төлем қолма-қол ақшасыз тәсілмен: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеу арқылы жүргізіледі. Жеңілдік картасы барларға ғана жарамды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript