УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан Молдованы 5:4 есебімен ұтты

Ұлттар Лигасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2022 23:38 Сурет: Instagram/kff_team
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы "Астана Арена" стадионында Молдова командасымен ойын көрсетіп, 5: 4 ұпайымен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 наурызда С лигасындағы орнын сақтау үшін өткен құрамалар арасындағы алғашқы ойында қазақстандықтар 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Жауапты ойында С лигасында қалу үшін ойын қожайындарына тең ойнау да жеткілікті болатын.

Бірақ бұл ойынға қарсыластар өзіндік жоспар әзірлеп келіп, кездесудің басында Игорь Армаштың арқасында есеп ашылды: 0:1. Одан кейін қос тарап матчтың жеңімпазын қосымша таймдарда анықтады. Алайда, бұл арада да командалар теңдей болып тарасты.

Шешуші кезең ойыннан тыс пенальтиге тап келді. Молдавандардың соңғы соққысына тойтарыс берген қазақстандық құраманың қақпашысы Игорь Шацких ойынның басты қаһарманы атанды. Ал Қазақстан құрамасы үшін шешуші соңғы голды Роман Жуков салды – 5:4. Бұл жеңіс қазақстандықтарға УЕФА Ұлттар лигасы дивизионындағы орнын сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: