Қазақстанның Ұлттар лигасындағы қарсыластары белгілі болды
![prognozist.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2020 15:25](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-3e0b6f4d-9720-4585-9431-3bc955f30418/800x452.webp)
Қазақстан ұлттық құрамасы С дивизионындағы 4-ші топқа түсті.
Амстердамда футболдан Ұлттар лигасы-2020/21 турнирінің топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды zakon.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан ұлттық құрамасы С дивизионындағы 4-ші топқа түсті: қарсыластарымыз Албания, Беларусь және Литва құрамалары.
Бұдан бұрын өткен Ұлттар лигасы турнирінде D дивизонында Грузия, Латвия және Андоррамен ойнаған еді, бірақ топтан шыға алмай, екінші орында қалды. Плей-офф кезеңіне Қазақстанды 2:0 және 2:1 есебімен екі рет ұтып кеткен Грузия құрамасы шыққан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript