"Ордабасы" футболдан Қазақстан кубогының иегері атанды

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2022 12:49 Сурет: Instagram/pflkaz
12 қарашада "Астана Арена" стадионында футболдан Қазақстан кубогы иегерін анықтауда Оралдың "Ақжайық" командасымен кездескен Шымкенттің "Ордабасы" жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Футболдан Қазақстан кубогының финалы аясындағы матчта "Ақжайық" (Орал) – "Ордабасы" (Шымкент) 5:4 есебімен аяқталды.

Ойынның 12-ші минутында оралдықтар есепті ашып, екі гол соқты. Гол иесі - Завен Бадоян және Тома Табатадзе. Көп ұзамай шымкенттіктер Самат Шәмшінің арқасында есепті: 2:1 етті. Ал екінші таймның басында Всеволод Садовский есепті теңестіріп берді – 2:2.

"Ақжайық" есесін шібермей шымкенттіктердің қақпасына тағы екі допты тоғытты, есеп - 4:2. Гол иелері - Тома Табатадзе және Илья Коваленко.

Бірақ "Ордабасы" жеңілгісі келмейтінін білдіріп, шабуылдарды үдетті. Максим Федин гол соқты - 4:3. Көп ұзамай тағы бір ордабасылық Луис Гедеш әдемі голдың авторы атанды. Есеп - 4:4.

Екінші овертаймдағы айқаста ойынның 119-минутында "Ордабасы" командасының капитаны Елхан Астанов пенальтиді ойдағыдай пайдаланып, шешуші гол соқты. Есеп: 5:4.

Осылайша, Түркістан облысының клубы өз тарихында екінші рет ел кубогының иегері атанып, 2023 жылы Қазақстан атынан еурокубоктарда өнер көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: