Тоқаев үкіметке Абай облысындағы өртке байланысты шұғыл тапсырма берді

Сурет: akorda
Тоқаев үкіметке Абай облысындағы өртке байланысты шұғыл тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіру, сондай-ақ апат ауқымының кеңеюіне жол бермеу және азаматтар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырды.

Өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері тартылды.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарлаған ресми сапарын кейінге шегерген еді.

Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы