Тоқаев Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады

Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мен сіздерге көңіл айту үшін арнайы келдім. Екіншіден, жан-жақты көмек көрсетілетінін айтуға келдім. Қаржылай да, басқа да көмек көрсетіледі. Балалар балабақшаға, ЖОО-ға орналастырылады – бәрі орындалады. Мен, әрине, сіздермен біргемін. Сіздер – еліміздің азаматысыздар", - деді Президент.

Тоқаев апатты және оның салдарын ақтайтын ешқандай себеп жоқ екенін және зардап шеккендерге моральдық және материалдық көмек берілетінін айтып уәде берді.

"Мен сіздер үшін жауаптымын. Мен Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өте ауыр жағдай екенін түсінемін. Асыраушыларыңызды, отағасын, ең жақын туыстарыңызды жоғалттыңыздар. Өкінішке қарай, өмірде мұндай қайғылы жайттар болады. Мұны ақтайтын ешқандай себеп жоқ. Тағы да айтамын. Моральдық және материалдық көмек көрсетіледі", -  деді ол.


Қасым-Жомарт Тоқаев
Абай облысындағы өрт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

"Қазгидромет" Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады