Шымкентте сотталған туысына телефон жеткізбек болған бикеш анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
ҚАЖ мекемелеріне тыйым салынған заттардың өтуі қатаң бақылауда болса да, тәртіпке бас игісі келмейтіндердің саны азаймай тұр.

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №54 (қауіпсіздігі орташа) мекемесінің қызметкерлері туысқанына тыйым салынған затты кіргізбекші болған азаматшаны ұстады.

Анықталғандай Шымкент қаласының Айзере есімді тұрғыны өзінің жазасын өтеп отырған туысына, яғни сотталғанға тыйым салынған заттарды сәлемдемеге жасырып салып келген. Ол сәлемдеме ретінде аяқ киім тазалағыштың ішіне үш телефон жасырып, өткізбекші болған.

Алайда тексеру тобы мамандарының жіті тексеруі барысында аталған тыйым салынған заттар табылып, тəркіленген. Қазіргі таңда ҚР ƏҚБтК-нің 481-бабына сай іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды