Түркістан облысында биыл 2-сыныпты бітірген бала суға батып мерт болды

Сурет: istockphoto
Түркістан облысы Жетісай ауданындағы ауылдардың бірінде биыл 2-сыныпты бітірген бала суға кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Үйіне уақтылы оралмаған жеткіншекті іздеуге ата-анасымен бірге ауыл тұрғындары да жұмылған. Әуелі ауыл шетіндегі канал жағасынан баланың киімдері табылды. Ол онда шомылуға барған болуы мүмкін.

Көп ұзамай егістікке апаратын арықтан баланың денесі де табылған. Оқиғаға қатысты төтенше жағдайлар департаменті ешқандай ақпарат бермеген.

Жедел іздестіру жұмысына ТЖД-нің 13 жеке құрамы,1 жүзу құралы және 3 техникасы, ПД -нің 15 жеке құрамы мен 4 бірлік техникасы және 50 жергілікті тұрғын қатысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды