Қызылорда облысында ірі мөлшерде есірткі еккен төрт тұрғын ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда облысы Қазалы ауданында прокуратура, аудандық әкімдік және полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде 1086 түп сора өсімдігін еккен қала тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

28-50 жастағы жұмыссыз төрт қала тұрғыны Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Қызылқұм ауылының 265 шақырым жердегі шеңгел мен сексеуіл арасында сора өсімдігін өсірген.

Айта кетерлік жайт, арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы 20 см-ге жеткен. Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек арнайы кептірілген марихуана, күдіктілердің жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: 20 метрлік шланга, күрек, кетпен, тырма, газ баллонын тәркіледі.

Есірткі алқаптан бөлек алынған арнайы кептірілген марихуананың салмағы 723 грамм болып шықты. Күдіктілер Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?