"Алматы-Қорғас" тас жолына қатысты тексеріс басталды

Сурет: gov.kz
132 млрд теңгеге салынған «Алматы-Қорғас» тас жолына сыбайлас жемқорлыққа күрес өкілдері тексеріс бастады.

5 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген халықаралық маңызы бар жол күннің ыстығына шыдас бермей көтеріліп кеткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Ақау Алматы-Қорғас тас жолының 190-шақырымында болған. Қазір бүлінген жер жамалған. Ал агенттіктің Алматы облысындағы өкілдері оқиға орнына барып, мән-жайды анықтап, арнайы тексерісті бастады. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің Алматы облысындағы жол құрылысы 2017 жылы аяқталды. Жолға берілген кепілдік мерзімі 2019 жылы өтіп кеткен.

Жобалау кезінде «компенсационный шов» деген болады. Сол 500-600 метр сайын салынып отырған. Алайда ол жеткіліксіз. Мысалы Дубайда 80-100 метр аралығында болып табылады. Сондықтан қысым болғаннан кейін ауа-райының жылынуына байланысты бетон көтеріліп жатыр. Нұрсұлтан Бекенов, Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Семейде ер адам аспалы көпірден құлап кетті

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

"Қазгидромет" Алматы мен Талдықорған тұрғындарына ескерту жасады