Павлодарлық тұрғыннан тіркелмеген қару тәркіленді

Сурет: Zakon.kz
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Павлодар қаласындағы “Яблонька” бау-бақшасының маңында облыстық орталықтың 44 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жеке тексеру кезінде ер адамнан бір оқпанды аңшылық мылтық, 28 калибрлі және 28 калибрлі 2 гильзаның кесіндісі табылды және тәркіленді.

"Жедел уәкілдер бұл кескіннің ішкі істер органдарында тіркелмегенін анықтады. Ер адам бұрын сотталған. Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыс жасауға қарудың қатысы бар-жоғын анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалды", – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Полицейлер биыл облыста ІІО-да тіркелмеген 29 қару тәркіленгенін атап өтті. Барлық фактілер бойынша тергеу жүргізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды