Маңғыстау облысында суға кеткен бес адамның біреуі мерт болды

Сурет: pixabay
Маңғыстау облысында бес адам суға кетіп, біреуі көз жұмды. Құтқарылғандардың тағы бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқыс жағдай Ақтаудан 63 шақырым жердегі "Голубая бухта" деген аймақта болған. Бес жасөспірім демалыс күні теңіз жағасына демалуға барып суға түскен. Бесеуі де суға кетіп, үш қыз өз бетімен жағаға жүзіп шығыпты.

Қалған екеуіне сол маңдағы адамдар көмекке келген. Алайда көп су жұтып қойған 16 жастағы бозбала ауруханаға жеткенше көз жұмды.

Қазір құтқарушылар Шора су каналына батып кеткен тағы бір жігіттің денесін іздестіріп жатыр.

24 жастағы азаматтың мәйіті үш күннен бері табылмай жатыр. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді