Оралда ер адам сайт арқылы танысқан әйелді бірінші кездесуде тонап кетті

Сурет: polisia.kz
Оралда ер адам әйел адамға қарақшылық шабуыл жасаған. Оқиға 15 маусым күні түнгі сағат 01:00 уақыт шамасында болды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке слітеме жасап.

Анықталғандай, 28 жастағы ер адам мен 29 жастағы әйел екеуі таныстық сайты арқылы танысқан. Екеуі кездескен уақытта күдікті жәбірленушіні пышақпен қорқытып, дене жарақатын келтірген.

Әйелдің қолдарын скотчпен байлап, оған тиесілі телефонымен мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні қолға түсірді.

Аталған 28 жастағы Ж. есімді азамат соттың санкциясы бойынша қамауға алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды