Қар барысы салынған Алматының әйгілі муралы қалпына келтірілді

Сурет: Coca-Cola
Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылы мен Жібек жолы көшелері қиылысындағы ғимараттың қас бетіне салынған қар барысының суреті тура бастапқыдай қалпына келтірілді.

Муралды 2017 жылы Қала күніне орай бейнелеген сол суретшінің өзі қалпына келтірді.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында муралдың орнына сусын жарнамасы пайда болған еді. Өндіруші-компания қоғам наразылығын тудырған жағдай үшін кешірім сұрап, қар барысының бейнесін дәл түпнұсқасы сияқты қалпына келтіруге уәде берген болатын.

Дегенмен, компания сол үй қарайтын ПИК-пен жасалған келісімшартта көрсетілгендей, ғимараттың қас беті үшін жалға алу ақысын қазан айына дейін төлей береді. Бұл қаражат үйдің шатырын жөндеуге жұмсалады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді