Алматы қаласының 7 тұрақты су басу орны жойылды

Сурет: Zakon.kz
Алматының Медеу ауданында тұрақты су басатын 7 орынды жою жұмыстары аяқталды. Қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде осындай мәліметтермен бөлісті.

273 м арық желілерін қайта жаңарту және салу жүргізілді. Олар қолданыстағы коллекторларға қосылып, өткел салынды. Сондай-ақ 31 көшеде (23,6 км) арық желілерін салу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар келесі жылдың IV тоқсанында аяқталады, деп жазады  Almaty.tv.

Еске салсақ, 2022 жылы қала әкімнің тапсырмасы бойынша Алматыдағы барлық су басу учаскелеріне терең талдау жүргізілді.

Мамандар су басып қалатын 102 аймақты, 56 жер учаскесін анықтады. Олар жедел жөндеуді немесе қайта құруды қажет етеді.

Бүгінде бұлардағы барлық жұмыстар аяқталды. Тек 4 нысанда мамандар абаттандырумен және асфальт төсеумен айналысады, қ бұл процестер 30 маусымға дейін аяқталады.

Тағы 46 учаске-су басуы мүмкін қауіпті аймақтар. Олар бойынша 2023 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады