Алматы – Атырау бағытында кетіп бара жатқан жолаушылар пойызында тағы бір нәресте дүниеге келді

Сурет: pixabay
2023 жылғы 19 маусымда Алматы – Атырау бағытындағы №29/30 жолаушылар пойызының бригада мүшелері шұғыл түрде жолаушыны босандырып алуға мәжбүр болды. Дүниеге ұл бала келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баланың өмірге келуіне жолсеріктер мен жолаушылар көмектескен.

"Жолсеріктер толғағы келген әйелге көмектесу үшін барлық қажетті шараларды қолданды, ол жайлы пойыз машинисіне хабарланып, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырылды". "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ баспасөз қызметі

Вагонның жолсерігі  Марал Әділбекова пойыз бригадасы мен жолаушылардың үйлесімді жұмысының арқасында бала пойызда аман-есен дүниеге келгенін айтты.

Сағыз стансасына жеткен соң жаңа туған нәресте мен анасы жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.


Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін