Мемлекет басшысы жазушыларды қала тақырыбына көбірек шығарма жазуға шақырды

Подписание законов, назначения, президент подписал, резиденция президента , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 13:18 Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында қала мәдениетін дәріптеу және осы тақырыптағы әдеби шығармаларды көбейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ауылдың қазақ халқы үшін орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен бірге бүгінде урбанизация жүріп жатқанын айтып, қала өркениетін дәріптеуді маңызды міндет деп атады.

"Біз ауыл туралы көп айтамыз. "Ауыл – халқымыздың алтын бесігі" деп әрбір жиында айтып жүреміз. Расында, бұл – дұрыс. Бірақ қазіргі заманда бұл сөзді қайта-қайта айта берудің қажеті бар ма? Дүние жүзінде "урбанизация" атты жаһандық үрдіс болып жатыр. Бүгінде өмірдің қызығы – қалада. Бұл да – шындық", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір жазушылардың қалада тұратын жастарды "асфальт қазағы" немесе "шала қазақ" деп, ауыл жастарына қарсы қоятынын сынға алды. Оның айтуынша, қаладағы жастар қазақ мектептерінде ана тілінде сапалы білім алып жүр, сондықтан біртұтас халықты екіге бөлуге болмайды.

"Біртұтас халқымызды екіге бөлуді доғаруымыз керек. Мұндай әрекетті жасаудың ешқандай қажеті де, оған ешкімнің хақы да жоқ", – деді Мемлекет басшысы.

Президент осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігіне қала тақырыбындағы әдеби сайыстар өткізу жөнінде тапсырма бергенін хабарлады. Оның пікірінше, мұндай шығармалар әсіресе жастар үшін қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: