Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді
Фото: akorda.kz
Құжатқа сәйкес, "Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін орта білім беру ұйымдары көрсетеді.
Балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау үшін құжаттар 1–31 тамыз аралығында қабылданады. Өтінішті "цифрлық үкімет" порталы арқылы немесе тікелей білім беру ұйымына беруге болады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін мына құжаттар қажет:
- өтініш;
- иммундау паспорты;
- денсаулық паспорты;
- цифрлық фотосурет.
Құжаттар мектепке тікелей тапсырылса, баланың туу туралы куәлігі мен ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат та қажет.
Құжаттар толық ұсынылған жағдайда, оқуға қабылданғаны туралы хабарлама 1 қыркүйектен бастап бір жұмыс күні ішінде беріледі. Мектеп қабылдау туралы бұйрықты 25 тамыздан ерте шығармайды.
Бұйрық 2026 жылғы 3 қазанда күшіне енеді.
Бұған дейін балабақша кезегіне қою тәртібі өзгергенін хабарлаған едік.