Астанада бірнеше көше уақытша жабылады

Сурет: pixabay
Елордада орташа жөндеу және тұрғын үйлерді орталық жылумен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше көше уақытша жабылады. Бұл жөнінде Астана қаласының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Қордай көшесінде орташа жөндеу жұмысын бастайды.

"Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 22-25 маусым аралығында Қордай көшесінің Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Тұран даңғылында орташа жөндеу жұмысы жүргізілетіні белгілі болды:

"Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Сұлукөл көшесіндегі тұрғын үйлерді орталық жылумен қамтамасыз ету мақсатында қаланың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы Шұғыла көшесіндегі жылу трассасын салу жобасы аясында жұмыс жүргізуде", – деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 22 маусымнан 15 шілдеге дейін Шұғыла көшесінің Н.Тілендиев даңғылынан Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскелері кезең-кезеңмен ішінара жабылады.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарына  қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды кеңес етті.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі