Алматыда жаңа саябақ ашылады

жаңа сквер салынып жатыр , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 16:56 Сурет: Telegram/almaty_akimat
Алматының Әуезов ауданында жаңа QADAM шағын саябағы салынады. Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 21 қыркүйекте, оңтүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Әуезов ауданындағы Сайын және Ұлықбек көшелерінің қиылысында салынып жатқан жаңа QADAM саябағының құрылыс барысымен танысты.

"Қоғамдық кеңістікті қазан айының соңына дейін ашу жоспарланып отыр. Бұрынғы автотұрақтың орнында аумағы 0,35 гектар болатын заманауи сквер салынып жатыр. Ол аудан тұрғындарының демалуына, серуендеуіне және белсенді уақыт өткізуіне арналған жаңа орынға айналады", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шағын саябақта түрлі табиғи жабындардан тұратын тактильді аллея, балалар алаңы, жүгіру жолы, сырғанауға арналған аймақтар, серуендеу орындары мен көгалдандырылған аумақтар қарастырылған.

Негізгі нысандардың бірі – арка түріндегі композиция. Оның құрамында субұрқақ, жарықтандыру және "Болашаққа қадам" деген жазу болады. QADAM тұжырымдамасы қозғалыс, әртүрлі фактура, дыбыс, су және жарық элементтерін үйлестіруге негізделген.

"Тексеру қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды бекітілген құрылыс кестесін сақтауды және жұмыстардың барлық кезеңінде олардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматының алдағы жиырма жылдықта қалай дамитынын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: