Жамбыл облысында аптап ыстықта дәрігерге жүгінгендер көбейді

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдемге тыным болмай тұр. Мамандар мамыр айының соңынан бүгінге дейін тәулігіне 300-400 қоңырауға дейін артып келе жатқанын айтады.

Медициналық көмекке жүгінгендер арасында ересектермен қатар балалар да көбейген. Бүгінде облыс бойынша 90-нан астам жедел-жәрдем көлігі шақыртуларға шығады.

Ал аймақта шілде кірмей-ақ ауа температурасы 40 градусқа жетті. Тұрғындардың басым бөлігі су жағалап, салқындауға көшкен, деп жазады qazaqstan.tv.

Шаһар шетіндегі өзендер мен тоғандарда адам қарасы қалың. Дегенмен дәрігерлер күн көзінен қорғануға шақырады.

"Күн салқын кездерде 1400-1500-ге дейін болса, қазір 1700-1800-ге дейін шақыртулар көбейіп жатыр. Жүрек қан-тамырлары жүйесінің аурулары бар, қан қысымының көтерілуі, жедел-ішек инфекциясына қатысты шақыртулар көбейіп жатыр." Әлихан Мирсейітов, Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясының аға дәрігері

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі