Өзбекстан мен Израиль арасындағы әуе рейстері қайта жанданды
Uzbekistan Airways әуе компаниясы 14 сәуірден бастап Ташкент – Тель-Авив бағыты бойынша тұрақты рейстерді қайта іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Наурыз айының соңында Uzbekistan Airways Тель-Авивке ұшатын рейстерін уақытша тоқтатуға мәжбүр болған еді. Алайда қазір ұшулар дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі күндері орындалып жатыр, деп Өзбекстанның Израильдегі елшілігі Telegram-арнасында хабарлады.
"3 мамырдан бастап Ташкенттен Самарқанд арқылы Тель-Авивке және кері бағытта жексенбі күндері қосымша рейстер енгізіледі", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, жақында Стамбул – Ташкент рейсінің жолаушысы басқа біреуге тиесілі сөмкемен ұсталып, оның ішінен есірткі табылған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript