Өзбекстан әуекомпаниясы Ташкент – Атырау бағыты бойынша рейс ашады

Самолет, самолеты, аэропорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2026 14:43 Фото: unsplash
Өзбекстанның Uzbekistan Airways әуекомпаниясы 2026 жылғы 29 наурыздан бастап Ташкент – Атырау бағытында жаңа рейсті іске қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе компаниясы рейстерді аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) "Airbus A320" үлгісіндегі әуе кемелерімен орындауды жоспарлап отыр.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, жаңа әуе қатынасын ашуға 2025 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы авиациялық билік органдары арасында өткен келіссөздер алғышарт болды.

Келіссөздер барысында екі ел арасындағы халықаралық рейстерді орындау үшін құқықтық базаны одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

"Әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді", – делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: