Желіде астананы Түркістанға көшіру туралы ескі фейк тағы да тарап жатыр

Сурет: Zakon.kz
WhatsApp-та және әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаев астананы Түркістанға көшіру туралы шешім қабылдағаны туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz порталының хабарлауынша, бұл - ескі фейк.

Мәтіні бірдей, бірақ видеосы басқа ролик осы жылдың сәуір айында Қазнетте жарияланған. 

"Содан бері ештеңе өзгерген жоқ. БАҚ-та елорданы Түркістанға көшіру туралы жаңалықтар болған жоқ. Мұндай ақпараттар ҚР Президентінің сайтында да шықпады. Парламенттің ресми порталында да мұндай бастамалардың талқыланғаны туралы жазылған жоқ", - деп хабарлады басылым.

Астананы Түркістанға көшірірілуі мүмкін екендігі туралы Қазнетте 2020 жылдан бері айтылып келеді.

"Сол жылдың желтоқсан айында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сұхбаттарының бірінде мұндай шешім қабылданбағанын мәлімдеді. Демек, таралған ақпарат – ескі фейк, оған сенбеген жөн", - делінген жазбада.
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі