Елімізде тері ауруларына шалдыққандар көбейген

Бүгінде тері аурулары өте күрделі проблемаға айналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл дерттің түрі көп. Кейбірі түбегейлі емделмейді. Дерматовенеролог мамандар осылай деп дабыл қағып отыр. Мамандардың айтуынша, тері ауруларын емдеуде жаңа технологияларды енгізу қажет, деп жазады "Хабар 24" арнасы.

Мамандар тері ауруларының көбі уайым-қайғыдан пайда болатынын айтады. Тіпті оның кейбірінің емі жоқ. Дегенмен бұл тұста біздің дәрігерлер әлемдік тәжірибеге сүйенетінін айтады. Соңғы жылдары елімізде тері ауруларын емдеудің жаңа әдістері енгізіле бастаған.

"Тері аурулары өте күрделі проблемаға айналды. Бұл дерттің түрі көп. Кейбірі түбегейлі емделмейді. Сондықтан осындай ауруларды емдеу жолдарын үнемі жетілдіріп отырамыз. Денеге шыққан бөртпеге бей-жай қарауға болмайды. Себебі тері қатерлі ісігі жаһандық проблемалардың біріне айналған." Гүлнәр Батпенова, жоғары санаттағы дерматовенеролог.

Мамандардың дабыл қағатыны да содан. Оның пайда болуы мен дамуын тежеуге болады, - дейді. Ал елімізде дерматологиялық дертті диагностикалаудың инвазивті емес әдістері қолданылады. Осы арқылы тері қатерлі ісігін ерте сатысында анықтауға мүмкіндік бар.

"Мәселен, бүгінде Псариаз ауруы жасарып барады. Бұрын тек ересек адамдарда кездесетін. Қазір жасқа толмаған балаларда осы тері ауруына жиі шалдығады. Мұндайда медициналық көмекке уақытында жүгіну қажет." Гүлнәр Батпенова, жоғары санаттағы дерматовенеролог.

Бүгінде елімізде тері ауруларының созылмалы түріне шалдыққан науқастар көбейген. Бұрын сирек кездесетін, псориаз бен дерматит жас сәбилер арасында белең алып отыр. Дұрыс тамақтанбау да ауруды ушықтыра түскен. Сарапшылар адамдардың күйзеліске бой алдыруы тері ауруларының көбеюіне себеп болатынын айтады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: