Астанада салынып жатқан 14 мектептің 11-і алдағы оқу жылында қолданысқа беріледі

Сурет: Instagram/ jenis_qasymbek
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордада салынып жатқан мектептер мен Оқушылар сарайы туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қала әкімі Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің нысандарымен бірге әлеуметтік объектілер де саламыз. Бүгін бірқатар мектептер мен Оқушылар сарайының құрылыс барысымен таныстым. Мәселен қазіргі уақытта 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның 11-ін жаңа оқу жылы ішінде ашамыз". Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек

Ол жаңа мектептер құрылысы жүріп жатқан жаңа аудандарда да, оң жағалауда да, елдімекендерде де орналасқанын баса атап өтті. Сонымен қатар, әкімнің айтунша, олардың бір бөлігі апатты күйдегі мектептерді алмастыра алады.

Сол сияқты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астанада алдағы екі жылда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 24 мектеп салынады. Олар 90 мыңға жуық оқушы орнын (2 ауысымды) ашуға мүмкіндік береді.

"Осы жазда Оқушылар сарайын ашамыз. Тұран даңғылында орналасқан 5 қабатты ғимарат жеке инвестициялар есебінен салынып жатыр. Ауданы 7500 шаршы метрді құрайды, спорт және шығармашылық залдардан бөлек 25 метрлік бассейні де болады. Сонымен қатар балаларды көбірек қамту үшін үш жыл ішінде 15 Оқушылар сарайын салуды жоспарлап отырмыз. Олардың бесеуінің құрылысын осы күзде бастаймыз", – деп жазды елорда әкімі.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті