Қазақстанда балалар үйінің саны екі есе азайған – Оқу-ағарту министрлігі

Сурет: pixabay
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитетінің хабарлауынша, кейінгі 10 жылда балалар үйінің саны мен ондағы тәрбиеленушілер саны 2 есе азайған.

Министрлік президент тапсырмасы бойынша балалар үйлері балаларды қолдау орталықтарына айналғанын айтты. Үкімет кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу бойынша заңнамалық нормаларды әзірлеген. Бұл одан да көп баланы отбасылық қамқорлықпен қамтуға мүмкіндік береді.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастырудың 4 балама түрі бар:

Қазіргі кезде 3 мыңнан аса бала 116 интернаттық ұйымда тәрбиеленіп жатыр. Кейінгі 10 жылда 7 мың бала өз отбасын тапты.

"Балалар үйінің азаюына интернат ұйымдарын деинституционализациялау, отбасылық орналастырудың балама нысандарын енгізу және жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды материал жағынан қолдау саясаты әсер етті", – деді Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасы Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әр балаға колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға грант беріліп, шәкіртақы төленеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті