Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған такси жүргізушісі ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Көші-қон қызметінің назарына Алматы-1 теміржол вокзалында Тәжікстан азаматы ілікті.
"Тәжікстаннан келген 25 жастағы Ш. есімді азамат Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған. Ол такси жүргізушісі болып жұмыс істеген, бірақ бұл дерек уақытша еңбек шартында көрсетілмеген. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) хаттама толтырылды. Шетелдікті елден шығару мәселесін шешу үшін материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ автокөлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы 1-бөлігі (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша жауапкершілікке тартылды. Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамға көлікті айдауға бергені үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Полиция 19-25 маусым аралығында заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында қала аумағында "Заңсыз келуші" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілгенін еске салды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз