Президент: Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне жалақыны бірнеше рет көтердік

Сурет: akorda.kz
Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде президент соңғы үш жылдың ішінде нақты шаралар атқарылғанын алға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жалақыны бірнеше рет көтердік. Тұрғын үй төлемдерін алатын қызметкерлер көбейді. Қазір олардың саны 38 мыңнан асты. Ұлттық ұланға қолдау көрсетілуде. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін жыл сайын қомақты қаржы бөлініп отыр. Инновациялық технологиялар енгізілуде." Президент

Жалпы ішкі істер органдарына қолдау көрсетіле береді. Осының бәрі азаматтарды қорғау және қоғамдық тәртіпті нығайту үшін керек. Темірдей тәртіп – тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі.

"Мен Министрлік басшылығы аймақтарға барып, жұртпен кездесіп жүргенін білемін. Тұрғындарды толғандыратын мәселелер аз емес. Соның бәрін көзбен көріп, ақылдасып, бірлесіп шешкен дұрыс. Сондықтан біз бүгін ішкі істер органдарының жұмысына қатысты өзекті мәселелерді талқыладық". Мемлекет басшысы
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін