Талдықорған қаласының жаңа әкімі болып Ернат Бәзіл тағайындалды

Сурет: gov.kz
Талдықорған қаласының әкімі қызметіне Жетісу облысы әкімінің орынбасары Ернат Бәзіл келді. Бұл туралы қала активінің жиынында айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Ернат Базил 1978 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. "Инженер-құрылысшы", "Қаржы" мамандықтары бойынша.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы "Базис-А" корпорациясы" ЖШС-да учаске бригадирі болып бастап, кейін бригадир, учаске бастығы қызметтерін атқарды.

Осы жылдары құрылыс басқармасының жетекші, бас маманы, бөлім бастығы, бас маман, бөлім бастығы, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап Жетісу облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Талдықорған қаласының экс-әкімі Әсет Масабаев әкім қызметінен өз еркімен кетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек