Президент әртүрлі елдер мен әлеуметтік топтар арасындағы "цифрлық алшақтық" өзекті проблемаға айналғанын айтты

Сурет: pixabay
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысында цифрлық теңсіздікті жоспарлы түрде азайту біздің ұйым қызметінде нақты басымдыққа айналуға тиіс деді, деп хабарлайды Zakon.kz

Үндістан ШЫҰ-ға төрағалық еткен кезеңде бұл бағыттағы ынтымақтастықты дамыту үшін ауқымды жұмыс атқарды. Енді осы стратегиялық маңызды саладағы үздік тәжірибелерді алмасу ісін одан әрі жалғастырып, жолға қойылған байланыстарды сақтау және нығайту маңызды.

"Былтыр Қазақстан БҰҰ-ның электронды үкіметті дамыту индексі бойынша 28-орынды иеленді. Бұл – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қазақстанда жан-жақты цифрлық трансформация үшін қолайлы жағдай жасалған. Мемлекеттік басқару жүйесіне IT шешімдер жүйелі түрде енгізілуде, дамыған банктік экожүйелер пайда болды, қаржылық технологиялар нарығы кеңейіп, электронды коммерция қарқын алуда." Президент

Қазақстан ШЫҰ кеңістігіндегі цифрлық хаб ретінде өз қызметтерін ұсынады. Сондықтан 2024 жылы Астанада ШЫҰ цифрлық форумын Технопарктер мен инновациялық кластерлер пулының басқарушы комитетінің бірінші отырысымен ұштастыра отырып өткізу маңызды деп есептеймін, - деді президент. 


"Бірлескен күш-жігер арқылы біз мемлекеттеріміздің барлық азаматтары үшін цифрлық технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз етіп, экономикаларымыздың инновациялық және технологиялық дамуына жаңа серпін бере алатынымызға сенімдімін". Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты