Тоқаев Абаевқа Ресеймен екіжақты ынтымақтастықты дамытуды тапсырды

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Дәурен Абаевты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса маңызды екенін атап өтті.

Президент екіжақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде Дәурен Абаевқа бірқатар тапсырма берді.

Дәурен Абаевтың Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалғаны 2023 жылдың 3 шілдесінде белгілі болды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай