Ақмола облысының тұрғындарын 17 млн теңгеге сан соқтырған азаматқа қатысты тергеу жүріп жатыр

Сурет: ҚР ІІМ
Біржан Сал ауданының полиция бөліміне алғашқы өтініш өткен жылдың желтоқсан айында келіп түсті. Арыз берушінің айтуынша, бейтаныс адам мал сатып алу бойынша келісім шарттарды орындамаған.

Мән-жайларды анықтау барысында 2022 жылдың қазан айында Астана қаласының тұрғыны шарт бойынша малды сатуға алғаны, ал ақша мал сатылғаннан кейін қайтарылуы тиіс болғандығы анықталды.

Алайда, жәбірленуші уәде етілген ақшан ала алмаған. Кейін полиция бөліміне Анғал батыр және Жаңалық ауылдарының 11 тұрғыны осындай арызбен жүгінді. Олардың барлығының оқиғасы бірдей болып шықты. Залалдың жалпы сомасы 17.3 млн теңгеден асады.

Аталған дерекке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 58 жастағы ер адамды анықтап, оның осы қылмысқа қатысын тексеріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды