Оңтүстік Кореяда екі сәбидің жан түршігерлік өлімінен кейін тууды тіркеу туралы заң өзгерді

Сурет: pixabay
Оңтүстік Корея заңдарға түзетулер енгізіп, ауруханалардың барлық жаңа туған нәрестелерді 14 күн ішінде үкіметке хабарлауын талап етеді. Олар мұздатқыштан жаңа туған екі нәресте табылғаннан кейін өзгерістер туралы айта бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамыр айында 2018 және 2019 жылдары екі сәбиін тұншықтырып өлтіріп, кейін олардың денесін үйінің мұздатқышында сақтады деп айыпталған 30 жастағы әйелдің ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды SCMP.

Бұл жағдай қоғамның наразылығын тудырып, депутаттарды отбасылық қатынастарды тіркеу туралы заңды қайта қарауға итермеледі. Заңға енгізілген түзету келесі жылдан бастап ауруханалар 14 күн ішінде барлық оңтүстік кореялық балалардың тууы туралы үкіметке хабарлауы керек дегенді білдіреді.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес, оңтүстік кореялық ата-аналар баласын туғаннан кейін бір ай ішінде үкіметке тіркеуге міндетті. Бұл ережені бұзғандар 38 доллардан аспайтын (шамамен 17 мың теңге) айыппұлмен жазаланады. Осылайша, елде деректер базасында көрсетілмеген "елес балалардың" саны анықталмаған. Жұртшылықтың пікірінше, заңдағы мұндай олқылық балаларды өлтіру қаупін арттырады.


"Біз жаңа заңды құптаймыз, өйткені ол тууы ресми түрде тіркелмеген балаларға зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алуға көмектеседі". Ким Мин Джун, Кореяның "Босанбаған әйелдердің отбасы" қауымдастығының жетекшісі

Алайда оның айтуынша, заң әлі де тек Оңтүстік Корея азаматтарына қатысты болады. Ким алдағы уақытта билік елде тұратын барлық шетелдіктерден туған балаларды, тіпті заңсыз иммигранттарды да қамту үшін заңнаманы қатайтатынына үміт білдірді.

Оңтүстік Корея полициясы "елес балалардың" 193 ісін тергеп жатқанын хабарлады. Ата-аналардың көпшілігі балаларын шіркеулерде немесе еріктілер мекемелерінің жанындағы "беби жәшіктерде" қалдырғанын айтады. Полицейлер ата-аналардың мұндай мәлімдемелерін зерттеп, балаларды табуға тырысып жатқанын айтты.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты