Мемлекет басшысы Швейцарияның Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассисті қабылдады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас достық пен ынтымақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Швейцарияның Алматыдағы Құрметті консулдығы қызметінің басталуымен құттықтады. Оның ресми ашылу рәсіміне Иньяцио Кассис қатысты.

Мемлекет басшысы Швейцария Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси, сауда және экономикалық серіктестерінің бірі екенін айтты. Қазіргі уақытта Швейцария Қазақстанның жетекші 20 сауда серіктесінің қатарына кіреді. Елімізге жалпы көлемі 32,5 миллиард доллардан астам инвестиция құйған үш ірі инвестордың бірі.


Біз Қазақстан экономикасының перспективті салаларына инвестиция құюға дайын жаңа швейцариялық компанияларды қолдаймыз. Қазақстан Үкіметі мен Stadler теміржол концерні арасында қол қойылған келісімнің келешегі зор деп ойлаймын. Сондықтан осы мәміленің жүзеге асырылу барысын ерекше қадағалаймыз. Бұл біздің қарым-қатынасымыздың дамуына тың серпін береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті Ален Берсеге ізгі тілегін жолдады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады